Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі- ерекше қорғауға алынған аймақтар. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар - мемлекет және адамдар тарапынан белгілі бір қоршаған ортаны ерекше қорғау мақсатында ұйымдастыралған, арнайы бөлінетін құрлықтағы және су айдынындарындағы жер телімдерінің жүйесі. Ерекше қорғалатын аймақтар адамзат өркениеті тарихының дамуымен өте тығыз байланысты. Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға қорықтар, қорықшалар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар, зоологиялық бақтар, дендрологиялық бақтар, ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан құндылығы ерекше су қоймалары, халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар, жер қойнауының экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелері, емдеу-сауықтыру аймақтары жатады. Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аймақтар экологиялық, ғылыми және мәдени жағынана құнды ұлттық байлығымыз болып саналады.
Ерекше Қорғалатын Аймақтар, Қорықтар, Ұлттық Саябақтар, Ботаникалық Бақ, Дендрологиялық Бақ, Зоологиялық Бақ, Табиғат Ескерткіштері,Су Қоймалары