Abstract


Kazakh Economic Consciousness and Its Representatives in the Language

Қазіргі кезде экономикалық қатынастарға қатыспайтын қоғам мүшесі жоқ. Әрқайсысы өндіруші, тұтынушы, ұйымдастырушы, сатушы, жалдаушы, яғни бәрі шаруашылық жүргізуші субъект, демек адам экономикалық санадан тыс өмір сүре алмайтыны анық. Кез келген ұлттың санасы ол бөлінбейтін тұтас дүние емес, ұлт санасының ядросында өзінің ажырамас компоненттері болады. Ұлттық сана міндетті түрде тілдік, тарихи, саяси, экономикалық, құқықтық, эстетикалық, педагогикалық саналардан тұрады. Осы компонеттердің барлығы да ұлттық сананы қалыптастырады. Ұлттық сана бар жерде ұлт болады. Демек, қазақ ұлты бар болуы үшін, қазақ ұлты өміршең болу үшін, жаһанияттың толық мүшесі болуы үшін оның ұлттық санасындағы осы элементтер толық бірдей дамуы керек. Ұлттық сананың компоненттерін дамытудың әмбебап құралы – тіл екенін философтармен қатар барлық ғалымдар бірауыздан айтып отыр, себебі экономикалық санадағы болып жатқан трансформацияны көрсететін ең бір мықты тілдің қабаты ол – лексикалық қабат. Лексикалық қабаттағы өзгерістер басқа қабаттағы өзгерістерге қарағанда жылдам, тез жүреді. Сыртқы болып жатқан құбылыстарға, жаңалықтарға тез реакция білдіреді. Сананың көрінісі тілде жүйелі түрде репрезенттеледі және бұл репрезенттер әмбебап сипатта болады. Зерттеудің әлеуетті тұтынушылары – ҚР БҒМ Тіл саясаты комитеті, «Атамекен» ҚР ҰҚП, лингвистер, социолингвистер, лингвоэкономистер, магистранттар мен докторанттар, сонымен қатар саясаткерлер мен журналистер, топ-менеджерлер, социологтар.



Keywords

экономикалық сана, экономикалық сана трансформациясы, экономикалық сананың тілдегі репрезентанттары, қазақ ұлтының экономикалық санасы


Kaynakça