Abstract


AZERBAIJAN - KAZAKH FOLKLORE CULTURE

Түйіндеме. Аталмыш мақалада әзірбайжан – қазақ ауыз әдебиетінің ортақ ерекшеліктері мен көркемдігі мәселелері қарастырылады. Әдеби байланыстар аумағы тарихи-мәдени процесс негізінде зерделеніп, оның теориялық мәні, заңдылықтары мен алғышарттары сөз болады. Сондай-ақ тарихи-генетикалық, тарихи-топологиялық ұқсастықтарға негіз болған ортақ мәдени мұра, қазақ-әзірбайжан әдеби жәдігерлер байыпталып, ғасыр тоғысындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдайға орай туындаған түркі халықтарының өзара қарым-қатынастары және жекелеген ақын-жазушылардың біріне еткен әсерлері де нақты дерек, материалдарға сүйене отырып зерделенген. Қазақ – әзірбайжан ұлты арасында кең тараған тұрмыс – салт жырлары мен тарихи дастандардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасалынып, жанрлық табиғаты танылады. Жекелеген сюжеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары зерттелініп, өлең, қисса, дастандарының оқиғалық ұқсастықтары көрсетіледі. Қай халықтың болсын өнер жағынан дамуында әдеби байланыстар сол ұлт әдебиетінің өркен жая өсуіне, халықтың рухани байлығын, арман-мүддесін, өмір тарихын басқа халықтардың даму тарихымен ұштастыруға дәнекер болады. Қазірде қазақ халық ауыз әдебиетінің басқа әдебиеттермен өзара байланыс жасау процесінің ерекшеліктері пайда болды. Бұл байланыстар жаңа мазмұн, жаңа түр, рең тауып, соны жолдар мен мүмкіндіктерге ұласты, әдебиетіміздің сыр-сипатын айқындай түсті. Соның бір үлгісі ретінде қазақ – әзірбайжан фольклористикасының түркілік тұтастығы анықталды.



Keywords

Тірек сөздер: қазақ ауыз әдебиеті, әдеби байланыс, әзірбайжан фольклористикасы, түркілік тұтастық, көркемдік ерекшелігі.


Kaynakça