Түйіндеме: Мақалада бүкіл саналы ғұмырында исі түркі халықтарының тәуелсіздігі жолында күрес жүргізіп, шетелге кетуге мәжбүр болған және Түркістандық мұғажырлардың көсеміне айналған қоғам қайраткері, саясаткер Мұстафа Шоқайдың эмиграциялық қызметі баяндалады. Мұстафа Шоқай патшалық Ресей билеген заманда дербес ел болуды армандаған тәуелсіздік жолында қажымай-талмай күрескен бүкіл исі түркі халықтарының басын қосып, тәуелсіз демократиялық мемлекет құруды армандаған қазақтың бір туар азаматы. Ол Батыс Еуропаға келген бірқатар түрік саяси эмигранттарымен бірге түрік халықтарының азаттығы жолында күрес жүргізді. Мұстафа Шоқайда және басқа атамекенді тастап кеткен мұғажырлар да тек шетелде Кеңес өкіметінің содыр саясатын әшкерелеумен ғана шектелген жоқ. Олар Ресейдің пролетарлық диктатурасынан Түркістанның азат болуын күтті. Мұстафа Шоқай сынды жүздеп, мыңдап саналған мұғажырлардың арманы да осы еді. Олар өз атамекендерін жанындай сүйіп, шетелде жүргенде де оның тұтас мүддесіне қызмет етуге дайын екендіктерін дәлелдеді.
Тірек Сөздер: Түркі Халықтары, Эмиграция, Көсем, Қоғам Қайраткері, Еуропа Эмигранттары.