Abstract


Semantics of the Concept of "Opening" in Turkish Languages

Мақалада түркі тілдеріндегі «ашу» психикалық жай-күй ұғымының семантикасы қарастырылады. «Ашу» психикалық жай-күйіне философиялық, психологиялық және лингвистикалық тұрғыда анықтама беріледі, оның тілде берілу тәсілдері, жасалу жолдары анықталған. Түркі тілдеріндегі «ашу» психикалық жай-күйін білдіретін тұрақты сөз тіркестер мен мақалмәтелдер жинақталып, салыстырмалы түрде талданады. Сонымен қатар, «ашу» ұғымының бейвербалды амалдармен берілуі сараланады. «Ашу» психикалық жай-күйіне қатысты қаһар, зіл, ыза, долылық, айбар, реніш, кейіс, өшпенділік, кек, наразылық, өкпе сынды сөздердің семантикалық сипаты ашылады. «Ашу» ұғымының мағынасына қатысты түркі тілдеріндегі ортақтық және ерекшелік айқындалады. «Ашу» ұғымын білдіретін лексика зат есім, сын есім, етістік, одағай, еліктеуіш сөзден жасалады. Мақалада «ашу» психикалық жай-күйіне байланысты тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер жинақталып, талданды. «Ашу» психикалық жай-күйінің тілдік емес белгілеріне мимика, пантомимика, бет-әлпеттің түртүсі, дауыс ырғағы, жүрек соғысы, секреторлы бездер қызметі, тыныс алу қызметі, дене температурасы жатады. «Ашу» психикалық жай-күйі соматикалық қимыл-қозғалыстар арқылы, қарапайым, бейпіл сөздер, бұйрық мәнді зілді сөздер, интонация, эмоционалды сөздер арқылы беріледі.



Keywords

Психикалық Жай-Күй, Эмоционалды Лексика, Тілдік Агрессия, «Ашу» Ұғымын Білдіретін Лексика, Бейвербалды Амалдар.


Kaynakça