Мақалада қазақ фантастикалық прозасындағы мифтің орны мен маңызы, ондағы мифологиялық кейіпкерлердің сомдалуы мен трансформациялануы, көркем шығарманың мазмұнын (идеясын) жеткізудегі қызметі және фантастикалық шығарманың басты міндеті және прозалық туындылардағы мифопоэтикалық формалардың көркемдік мүддеге қызмет ететін және авторлық концепцияны, идеяны ашатын эстетикалық құрал екендігі пайымдалады. Әдебиеттегі аңыздық желі, мифологиялық сюжеттер, мотив пен образдар қазақ қаламгерлерінің шығармаларында жиі қолданылып, көркемдік ізденістердің күрделі де белсенді процесі жүргізілді. Мақалада прозалық шығармалардың көркемдік жүйесіндегі мифтік сюжеттердің, сарындардың, образдардың қызметі қарастырылады. Қазақ әдеби процесінің дамуында діни-мифологиялық мотивтердің ықпалы зор болғанымен, оның дамуы да түрлі тарихи, әлеуметтік, әдеби-саяси жағдайларға байланысты біркелкі болмағаны, оған әсер еткен факторлар тұжырымдалады. Фольклортану саласында арнайы аңыз-әңгімелерге, әпсаналарға, мифтік әңгімелерге зерттеу жұмыстары, баяндалады.
жазушы, әдебиет, фантастика, дәстүр, кейіпкер