Медиа-білім беру – педагогикадағы білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті – жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде, техника құралдар мен қазіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету. Демек, медиабілім беруді қолдану тұлғаның сыни ойлауын дамытатын және шығармашылық потенциалын арттыратын икемді және әмбебап үрдіс. Сондықтан оқушылардың мультимедия технологиясын меңгеруде арнайы даярлығының болуымен қатар, оқытудың техникалық құралдарын қолданудың мәдениетімен байланысты педагогиканың әдістерін белсенді қолдана білуі тиіс. Сонда ғана оқыту мен тәрбие беру үдерісінің белгілі бір бөлігінде оқушылар белсенділік таныта отырып жеке білім траекториясын құруға мүмкіндігіне ие болады.
Медиа Білім, Коммуникация, Цифрлық Білім Беру, Ақпараттық-Коммуникациялық Құралдар, Медиакеңістіктік, Мультимедиялық Оқыту