Бұл мақалада білім беру саласындағы қосымша тәрбиелік, идеологиялық және көркем әдістемелік құрал ретіндегі кинопедагогика әдісін қолданудың тиімділігі жан-жақты қарастырылды. Білім жүйесіндегі кинопедагогиканың озық ойлы, саналы ұрпақты қалыптастырудағы рөлі өте зор, ол ұстаз бен оқушыға ой салып, ынталандырып, шығармашылық қабілетінін артуына, ойлау дағдыларының дамып, өзін және айналадағы құбылыстар мен адамдарды түсіне білуіне оң ықпал етеді. Кинопедагогика әдісінің тиімділігін арттырудың бір жолы – білім беру ұйымдарындағы педагогтың беделін күшейтіп, жағымды образын қалыптастыруға мүмкіндік беретін, заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді экран арқылы көрсететін фильмдерді ұсыну болмақ. Алайда мұндай фильмдер қазіргі қазақ кинометографиясында сирек түсіріліп отыр, оның себептері мен салдары, кинопедагогиканы енгізудің ұтымды жақтары мен артықшылықтары, бүгіні мен болашағы жөнінде мақалада кеңінен талданды.
Кинопедагогика, Оқушы, Ұстаз, Фильм, Образ