Бұл мақала Қазақстандағы жалпыға ортақ білім беру мекемелерінде ағылшын тілі пәнін оқыту барысында оқушыларға қолданылатын заманауи инновациялық әдіс-тәсілдер туралы жазылған. Мақала қазіргі таңдағы кеңінен қолданылып келе жатқан инновациялық әдіс-тәсілдерді зерттеуге арналған. Ағылшын тілі пәнінде маңызды төрт дағды бар; тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары, сол төрт дағдының пәнді оқыту барысында теңдей қолданылуы маңызды. Себебі, оқушылардың төрт дағдыны толықтай меңгере білулері қажет. Осы мақалада зерттелген әдіс-тәсілдер осы төрт дағдының меңгерілу барысы бойынша жазылды.
Ағылшын Тілі, Әдіс-Тәсілдер, Орта Мектеп, Инновация