Әрбір халықтың өзінің бойында атадан балаға ұласып келе жатқан, күні бүгінге дейін маңызын жоймаған, күнделікті тыныс-тіршілікте қоғамның дамуында айқын көрініс беретін, тек сол ұлттың өзіне ғана тән ұлттық құндылықтары болады. Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтарға баулу, ұлттық тәрбие беру үдерісін мобильді білім беру ортасын құру арқылы жүзеге асыру бүгінгі қоғам талабы болмақ. Қазіргі кезеңде мобильді құрылғылар, цифрлық технологиялар бастауыш сынып оқушыларының күнделікті өміріне кеңінен енуде. Осы аталған рухани құндылықты зерделей келе, мақала мобильді қосымшалар арқылы бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылықтарға баулудың теориялық негіздері қарастырылған. Ұлттық құндылықты қалыптастыруда мобильді білім беру, мобильдік технологияны зертеген шетелдік және отандық ғалымдардың зерттеулеріне талдау жасау арқылы нақтыланған. Мақалада ҚР «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіруге арналған жол картасы мен қазақ елінің ұлттық идеясы «Мәңгілік ел» идеясы және «Қазақстан 2050» Стратегиясында баса көрсетілген «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы басшылыққа алынды.
Мобильді Қосымша, Ұлттық Құндылық, Рухани Білім, Қалыптастыру