Abstract


The Role of Gender Education in Personality Formation

Мақалада гендерлік білімнің тұлға қалыптастырудағы рөлі баяндалған. Қазақстандық білім беру жүйесінде тұлғаның әлеуметтенуі – дидактикалық өзекті мәселе. Тұлғаның әлеуметтенуінде гендерлік білімінің маңызы зор. Гендерлік тәрбие отбасынан басталады, балабақшада, мектепте, одан әрі жоғары оқу орындарында жалғасын табады. Мақалада болашақ маманның жоғары оқу орнында гендерлік құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы, оның мазмұны, қалыптасу деңгейлері және оның әдістемелік аспектілері қарастырылады. Жаңа білім беру парадигмасының талаптары маманнан көлемді ақпаратты жылдам әрі сапалы талдай білуді, өз білімін болашақ кәсіби тәжірибелік әрекетінде тиімді де оңтайлы қолдана білу қабілеттерін қалыптастыруды талап етеді. Осы мәселелер тұрғысынан бірқатар зерттеушілердің, атап айтқанда, С.Б. Бабаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М Қоянбаев. Ж.Н. Сарсенова, т.б. еңбектеріндегі тұлға қалыптастыру, отбасы тәрбиесі, жоғары білім беру жүйесіндегі студенттің жеке-дара ерекшеліктері, гендерлік білімнің маңызы жөніндегі пікірлері сараланды.



Keywords

Гендерлік Білім, Тұлға Қалыптастыру, Әлеуметтену


Kaynakça