Abstract


National Ideology: Concepts and Phenomena in Turkish Countries

Мақалада ұлттық идеология түсініктері ашылады. Автор ұлттық идеология түсініктерін ашуда ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін басшылыққа ала отырып, ортақ тұжырым жасайды. Ұлттық идеология түсініктерін Қазақстан мысалында талдап, оның ерекшеліктерін ашуға тырысады. Ұлттық идеология мен мемлекеттік идеологияның өзара айырмашылықтарын талдайды. Ұлттық идеологияның құрылымдары да анықталады. Олардың әрқайсысына нақты баға беріліп, ерекшеліктері сипатталады. Мақала барысында автор бірқатар тың тұжырымжар жасайды. Қазіргі таңдағы ұлттық идеологияның мүмкіндіктері мен түсініктеріне қатысты ғылыми танымның нысаны ретінде анықтаудың кешенді жұмыстарын жүргізу қажет. Оны тұтас көзқарас жүйесі ретінде қарастыру керек. Аталған мақсаттарды толыққанды жүзеге асуы үшін бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуы тиіс. Олардың қатарында ұлттық идеологияның заңнамалық негіздерін қалыптастыру. Ұлттық идеологияның орнығуына ерекше көңіл аударатын бір мәселе бар. Ол науқаншылық. Науқаншылық – ең маңызды деген мәселелерді уақытша құбылысқа айналдырады. Ұлттық идеология мемлекеттегі тұрақтылық пен тұтастықты дамытуы тиіс саналады. Елдегі тұрақтылықтың шешуші факторлары қатарында ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің алар орны ерекше. Ұлттық идеология тәуелсіздікті сақтау, мемлекетті нығайтуды басты мақсат етуі тиіс деген қорытындыға келеді.



Keywords

идеология, ұлт, саясат, тұжырым, патриотизм, құндылық.


Kaynakça