Abstract


Economic Assessment of the Potential of Api Tourism in Kazakhstan

Апитуризм- бұл ара шаруашылығын дәстүрлі кәсіп ретінде зерттеуге және экологиялық, тағамдық және емдік аспектілерде ара өнімдерімен танысуға байланысты саяхат түрі. Апитуризм - ара шаруашылығының өнімдерін дәмін татуға, тұтынуға, сатып алуға, ара қауымдастықтарының өмірімен танысуға бағытталған туризмнің жаңа түрі. Туризмнің бұл түрі ара шаруашылығы өнімдерінің сауықтыру әсерін білуге ғана емес, сонымен қатар саяхатшылардың қоршаған орта алдындағы экологиялық жауапкершілігін тәрбиелеуге бағытталған. Мақалада апитуризм туралы ақпарат берілді. Апитуризмді дамытудың артықшылықтары көрсетілді. Апитуризмнің ауыл шаруашылығы мен экономикаға тигізер пайдасы анықталды. Сауалнама негізінде студенттердің апитуризм туралы хабардарлығын, апитуризмнің артықшылықтарын, білім алушылардың көзқарасы анықталды. Апитуризмнің туризмді дамытудағы ықпалы мен нәтижесі сарапталды.



Keywords

Апитурзим, Агротуризм, ара өнімдері, омарта шаруашылығы, бал


Kaynakça