Abstract


Features of the National Game in Formation of the Personality of Preschoolers

Бұл ғылыми мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда ұлттық ойынды пайдалану арқылы бала тұлғасын қалыптастыру туралы қарастырылады. Бала тұлғасын қалыптастыруда ұлттық ойынды қолданудың жолдары мен әдіс-тәсілдері көрсетіледі. Сонымен қатар, түркі халықтарымен бірегей «Бестемше» ойынының маңызы айтылады. Сондай-ақ, ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымда пайдаланудың жолдары, әдістері мен тәсілдерін саралап, соның негізінде баланың тұлғасын қалыптастыруға болатынын сөз етеді.
Ұлттық ойындары – мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі екенін дәлелмен келтіре отырып, ойындарда бала өзін қоршаған дүниені танып, оның интеллектісі, ойы, қиялы дамиды, әлеуметтік қасиеттері қалыптасатындығын көрсетеді. Ұлттық ойындар арқылы балалар өз халқының және өз елінің мәдениетімен және құндылықтарымен танысатындығын теориялық талдауларды басшылыққа ала отырып қарастырады. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасын қалыптастыруда ұлттық ойынның ерекшелігі нақтыланып берілген.



Keywords

Мектепке Дейінгі Ұйым, Бала, Ойын, Ұлттық Ойын, «Бестемше»


Kaynakça