Abstract


Genesis of Yurt Development - Civilization of Nomads

Мақалада көшпелілердің мәдени көрсеткіші саналатын киіз үйдің шығу тарихы, халықтық дәстүрі мен утилитарлық ерекшеліктерін қарастырылған. Авторлар киіз үйді тұрғын үйдің түрі ретіндегі тарихи алғышарттары мен даму кезеңдерін талдайды, оның негізгі құрылымдық элементтеріне сипаттама береді. Қа‏за‏қ к‏иі‏з үйі‏н‏і‏ң өзге‏ к‏өшп‏елі‏ ха‏лы‏қта‏рд‏ы‏ң ба‏с‏п‏а‏н‏а‏с‏ы‏н‏а‏н‏ құры‏лы‏мд‏ы‏қ, мәд‏ен‏и жән‏е этн‏о‏гра‏фиялы‏қ ерек‏шелі‏к‏тері‏ айқындалады, күмбезді, киіз үй тәріздес сәулеттік кешендер сыртқы қоршаған орта мен кеңістіктің бүтін бір көркем ансамбль ретінде сомдалуы қарастырылады. Киіз үй жай ғана тұрғын үй емес, Еуразия халықтарының рухани байлығымен материалдық құндылықтарды біріктіретін идеяларды жинақтаған халық өнерінің ерекше түрі деген идеяны ашуға ерекше назар аударылады. Авторлардың пікірінше, киіз үй – халықтың көшпелі өмірінің идеялық тәжірибесін және оның дәстүрлі рухани және материалдық өмірін айқындаған қазақтардың көшпелі өркениетінің символы және жәдігері іспеттес. Көшпелі киіз үй тарихының проблемалары зерттеушілердің қызығушылықтарын арттырса да, бүгінгі күнге дейін жеткілікті түрде дамымаған күйінде қалып отыр, оған соңғы жылдары жарияланған еңбектер дәлел. Ұлы даланың ерекше рухы, салт-санасы мен құндылықтары, қазақтың өмірлік философиясы көшпелі халықтардың баспанасы болған киіз үйдің мыңдаған жылдық тарихы, мәдениетіміздің асыл қазынасы тұрғысынан айшықталады. Қазіргі Қазақстанның сәулеттік құрылыстары мәдениетіміздің өзге салаларымен қатар дамып, өзінің құндылығын арттырып келеді. Қазақтың киіз үйі халықтың материалдық мәдениетінің элементі ғана емес, сонымен бірге әлемнің діни-мифологиялық бейнесі туралы ең алуан түрлі ақпаратты қамтитын символизмді қамтиды.



Keywords

Киіз Үй, Баспана, Күмбез, Шаңырақ, Көшпенділер


Kaynakça