Мақалада Байкалдан Балқанға дейін ұлан-ғайыр аймақта ерте заманнан мекендеп, батыс пен шығысты жалғаған түркі халықтарының оның ішінде бүгінде Анадолыдағы түріктер мен атажұрттағы қазақтардың арасындағы байланыс әңгіме болады. Сан ғасырлар мен саяси қозғалыстар, аумалы төкпелі замандар өтсе де, түбі бір түркі жұртының арасындағы байланыс үзілмегене мысалдарды көптеп айтуға болады. Оғыз тайпалары таңбаларының Маңғыстау жерінде өте көптеп кездесетініне дәлелдер келтіріледі. Қазақ хандары мен Осман империясы арасындағы, Алаш зиялылары мен түрік оқығандарының арасындағы байланыстар, Мағжанның «Алыстағы бауырыма» деген өлеңінен үзінді келтіріледі. 30-жылдардағы нәубеттен кейін шет жаққа қиындық көрген қазаққа туысқандық құшағын жайған түріктер екендігі айтылады. Мақалада ғалымдар С.Әжіғали, З.Самашев, И.Ерофеева сияқты ғалымдардың еңбектері пайдаланылған.
би, билер институты, дау, шешендік