Abstract


The Development of the Internet in Education in the Modern Information Society

Бұл мақалада қазіргі жаһандық ақпараттық қоғамдағы білім беру саласындағы интернет желісінің дамуы қарастырылған. Ақпараттық қоғамдағы білім деңгейін жоғары көтерудегі және зияткерлік еңбекпен айналысатын барлық заманауи бағдарламалар қамтылған. Білім беру саладағы жұмысшылардың қызметіне келіп түскен ақпаратты өңдеумен және талдаумен және жаңасын алумен байланысты. Интернеттің дамуы ақпараттық технологиялар мен процестердің дамуына әсер етеді. Мұндай жұмыс жоғары ақыл-ой дағдылары мен арнайы білім беруді қажет етеді. Ақпараттық қызметкерлер ақпаратты зерттеу мен пайдаланудың идеяларын, жаңа тәсілдері мен әдістерін қалыптастырады, ақпараттық өнімдер үшін өткізу нарығын қалыптастырады. Олардың кәсіби қызметі қазіргі еңбек нарығында жоғары бағаланады. Бүгінгі таңда ең танымал және тиімді кәсіптер ақпараттық процестермен байланысты, сондықтан бұл саладағы бәсекелестік мамандар арасында да, жұмыс берушілер арасында да өте маңызды. Ірі компаниялар үнемі талантты және креативті мамандарды іздейді. Сондықтан қазіргі заманда интернеттің қоғамда барлық қызмет саласы үшін өте тіиімді деп атауға болады.



Keywords

Интернет, Қоғам, Компьютер, Ақпарат, Ғаламдық


Kaynakça