Мақалада қазақ әдебиетінің ХХ ғасыр басындағы әдебиетінің көрнекті өкілі, фольклор жинаушы, ақын, діни-ағартушы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің поэтикасы түркі халықтарының әдебиетімен әдеби байланыс, тақырыптық-жанрлық ерекшелігі, мазмұн тұрғысынан салыстыра талданады. Мақаланың мақсаты – Мәшһүр Жүсіп поэтикасының ауқымының кеңдігін, өзіндік даралығын таныту үшін түркі халықтарының мұрасымен байланыста қарастыру. Ақын шығармашылығында шығыстық сарын мәселесі зерттелініп, диссертация, монография деңгейінде дәлелденді. Қазақ жазба әдебиетінің араб әдебиетімен байланысын дін тақырыбы тұрғысында, діни ағартушылық бағытта, поэзия жанрында дамыта түскен ақынның шығармашылығын түркі халықтары әдебиетімен де байланыста қарастырылады. Әсіресе тақырып үндестігі тұрғысында татар халықтарымен ұқсастығы талданады. Осы тұстан жұмыстың өзектілігі көрінеді. Талдау барысында ХХ ғасыр басындағы қазақ және татар халықтарының арасындағы әдеби байланыс мәселесі кітаптану, газет журнал шығару істері бойынша қарастырылады. сондай ақ ғылыми жұмысымызға арқау болып отырған Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің осы мәселеге қосқан үлесі, жарық көрген кітаптары мен мақалалары талданады. Жұмыстың ғылыми, практикалық маңызы бар. «Мәшһүртану» курстарында, ХХ ғасыр басындағы әдебиет, өлкетану сабағында және жалпы әдебиет теориясы пәнінде де қолдануға болады.
поэтика, әдеби байланыс, жанр, даралық, әдебиет