Abstract


A Valuable Legacy in the History of World Music

Мақалада құнды мирас ретінде екінші ұстаз, музыка зерттеушісі әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» трактатының мазмұндық сипаты, музыка өнерінің теориялық, тәжірибелік маңыздылығымен байланысы қарастырылады. Музыканың негізгі құрамдас бөліктері ырғақ пен әуеннің адамға тікелей ықпалы, музыкалық интервалдар, музыкалық тон, дыбыстар тербелісі, гармония сияқты музыканың құбылыстары баяндалады. Музыкадағы дыбыстар ерекшелігі, оларға сандық сипаттама беруі, ішектердің тербеліс теориясы, музыкалық дыбыстың жоғары-төмендігінің физикалық шамаларға тәуелділігі, музыкалық аспаптар жасаудың физикалық негіздері мен принциптері, әуеннің шығу ерекшелігі, үндестік және басқа да математикалық-физикалық түрдегі музыканың көрінісін бір жүйеге келтірудегі ғұлама ұстанымдары фарабитанушы зерттеушілердің еңбектеріне сүйене отырып талданады. Музыка мамандарын даярлауда ұлы ұстаз белгілеген «Музыка философиясы» жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына пән ретінде енгізу ұсынылады.



Keywords

Музыка Теориясы, Музыкалық Тон, Музыкалық Интервалдар, Ырғақ


Kaynakça