Abstract


Technical and Vocational Education to Satisfy the Labor Market's Need for Highly Qualified Specialists

Қазіргі кезең – барлық саланың жаңару, жаңғыру кезеңі. Күнбе-күнгі жаңалықтар немесе маңызды енгізілімдер қоғам өмірінің құрамдас бөлігі болып отыр. Ашық ақпараттық кеңістік қоғам қажеттілігіне сай сұранысты өтеуге кең мүмкіндік береді. Осы ретте білім беру мен тәрбие саласында да маңызды өзгерістерін уақыт талабы алға тартты. Қоғамдық еңбектің басқа Pжаңалықтардың нәтижелі жүзеге асырылуы білім беру саласындағы өзгерістермен тікелей байланысты. Білім берудің қоғамдық қызмет ретінде қоғамдық өзгерістерден қалыс қалмауы және оның дамуы мен өзгеруіне әсерін тигізуі – басы ашық мәселе. Білім берудегі трендтер – бұл білім берудің өзгеру процестері. Соңғы жылдар бойында білім беру жүйесінде педагогикалық инновацияларды және компьютерлік әдістемені оқыту оқудың нәтижелері мен оның сапасын жақсарту мақсатында белсенді түрде енгізіліп келеді. Заманауи білім жүйесінің талабы қоғамды тек керекті біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдық құндылықтарды нығайту, ұлғайту, гуманизм мен азаматтықтың жағдайларын кеңейту өзекті мәселе етіп қойылуда. Бұл процесс үздіксіз жүреді, адамның әлеуметтену іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.



Keywords

Бəсекелесуге Қабілетті Тұлға, Білім Кеңістігі, Əлеуметтік Серіктестік, Дуалдық Оқыту Жүйесі,Техникалық Жəне Кəсіптік Білім Беру Ұйымдары, Білім Алушылар, Заманауи, Білім Беру Жүйесі, Педагогикалық Технология, Жаңа Трендтер, Инновация, Оқу-Тəрбие Процесі


Kaynakça