Abstract


Methodology and Efective Ways of Using Digital Educational Resources in Chemistry Classes

Мақаланың мақсаты мектеп оқушыларының химия пәніне деген қызығушылықты арттырып, оны сабақ барысында жеңіл және түсінікті қабылдауларына қазіргі таңдағы заман талабына сай сандық ресурстарының әдістемелері мен химияны оқытуда қолданылатын тиімді жолдарын ұсыну. Химия пәнін оқыту жолында мектеп оқушыларына енгізілген инновациялардың әсерін байқау, химия пәнін оқыту барысында оқушының пәнішілік, пәнаралық қабілетін дамыту. Оқушыға сабаққа дайындалуда және оқытушыға сабақ беруде көмектесу. Әлемдегі дамыған мемлекеттердің білім жүйесіндегі химия пәнін цифрлық білім беру ресурстарында қолданып, жаңа технологияларға тоқталып, салыстыру. Дәстүрлі форматтағы оқу жүйесін қызықты және пайдалы, бастысы тиімді жолдарын ұсына отырып, заман талабына сай цифрлық дәуірде қайта зерделеу. Химия сабағында ақсап тұрған мәселенің бірі тәжірибелік сабақтары теориялық жүзінде түсіндірілуі, басым көпшілік мектептерде қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген жағдайларға байланысты. Сондықтан, бұл қиындықты жеңілдету үшін цифрлық технология көмегімен оқушыларға видео түрінде көрсетуге болады. Сол арқылы оқушылардың жақсы есте сақтауына мүмкіндік жасаймыз. "Білімді ұрпақ – елдің болашағы" демекші, жастардың қай жағынан алып қарасақта, оларға пайдалы және тиімді ғылымды үйрете отырып, заман талабына сай жан-жақты мықты қалыптасқан ұрпақтың болашағы жарқын болмақ, сол үшінде заманнан қалыспай цифрлық технологияны жақсы меңгеріп, пайдалы жақтарын міндетті түрде қолданып қалу қажет.



Keywords

Сандық Ресурстар, Цифрлық Технология, Мобильді Қосымша, Виртуалды Зертхана, Білім Беру Жүйесі


Kaynakça