Abstract


The Importance of Chemical Experiments in School Chemistry Lessons in Improving Students' Research Skills

Қазіргі кезде қоғамның дамуында ғылыми-техникалық жетістіктерге аса қатты мән берілуде. Дәл осы тұрғыда білім беру бағдарламалары оқушылардың бойындағы ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуда, сонымен қатар инновациялық технологияларды пайдалана отырып жаңаша оқыту арқылы білім беру процесінің тиімділігін арттырып жатыр. Жалпы жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулер құбылыстар арасындағы байланыстарды көруге мүмкіндік береді және одан әрі зерттеу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Зерттеулер арқылы оқушылар химия пәнінің ғана емес физика, биология және басқа ғылымдардың заңдылықтарын терең түсінеді. Сондықтан жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеулер білім беруде маңызды. Химия мектеп бағдарламасындағы жаратылыстану ғылымдарының негізгі пәні. Оқушыларға химияны оқытуда химиялық эксперимент әдісі маңызды рөл атқарады. Эксперименттік әдіс оқушыларға тек теориялық білім алып қана қоймай, оны практикада, яғни іс жүзінде қолдануды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада оқушылардың зерттеушілік дағдыларын жетілдіру аясында химия сабақтарында химиялық тәжірибелер жүргізудің маңызы қарастырылған. Оқыту процесінде эксперименттік тәжірибені қолданудың артықшылықтары және олардың сыни тұрғыдан ойлауды, аналитикалық және мәселені шешу дағдыларын дамытудағы рөлі талқыланады. Зерттеушілік ойлауды дамытуға ықпал ететін және оқушыларды табысты ғылыми мансапқа дайындайтын оқуға қызығушылықты, практикалық дағдыларды және химиялық ұғымдарды терең түсінуді дамыту құралы ретінде химия экспериментінің маңыздылығы атап өтіледі және нәтижелерді талдау сияқты практикалық жаттығуларды оқу үрдісінде қолданудың артықшылықтары талқыланады. Жалпы алғанда, оқушылардың болашақ ғылыми және кәсіби қызметінде пайдалы болатын өз бетінше зерттеу дағдыларын дамыту үшін химияны оқытудағы эксперименттік әдістің маңызы үлкен.



Keywords

Жаратылыстану Ғылымдары, Химиялық Эксперимент, Зерттеу Дағдылары, Білім Беру Процесі, Ғылыми-Зерттеу


Kaynakça