Білім беру мен тәрбие саласында оң нәтижелерге қол жеткізу үшін эмоционалды интеллектіні дамытудың қажеттілігі туындаған тұста эмоционалды интеллект теориясы білім саласындағы өзекті тақырыптардың біріне айналды. Мақалада педагогикалық дискурстағы эмоционалды интеллекті туралы көзқарастар талданады. Алдымен, «дискурс» терминінің мәні ашылып, одан кейін педагогикалық дискурстың ерекшеліктері баяндалады. Эмоционалды интеллект теориясына негіз болған Г.Гарднердің «көп интеллект» теориясы қарастырылады. Эмоционалды интеллект – бұл адамның өзінің және басқа адамдардың эмоциясын басқара алуы, эмоцияларды тани алуы, басқа адамдар мен өзінің қалауын, ниеті білуі мен түсінуі. Эмоционалды интеллектінің құрамдас бөліктері немесе аспектілеріне мыналар жатады: эмоцияны тану және қабылдау; эмоцияны басқару және когнитивті әрекетте эмоцияны қолдану. Адамның өз эмоциясын басқара алуы, басқа адамның эмоциясын түсіне алу қоғамның қай саласында болмасын маңызды саналады. Қазіргі педагогикадағы көп интеллекті мен эмоционалды интеллектіге негізделген білім берудің үлгісі білім беруде оқушының индивидуалды қырын дамытуға басымдық береді.
Педагогикалық Дискурс, Эмоционалды Интеллект, Эмпатия, Оқу Үдерісі, Білім Беру