Abstract


Situation-Problem Tasks Are One of the Modern Methodological Resources of Update of Educational Content

Ситуациялық-проблемалық тапсырма – қазіргі білім беруде оқу үдерісінің мазмұнын жаңарту үшін белсенді түрде қолданылатын әдістемелік ресурс. Ол оқушылардың аналитикалық ойлауын ынталандыратын, алған білімін іс жүзінде қолдана білу қабілетін дамытатын, сыни тұрғыдан ойлауы мен дербестігін дамытуға ықпал ететіндей дайындалған тапсырма немесе проблемалық жағдайды білдіреді. Ситуациялық-проблемалық тапсырмалар–білім алушыларды шартты нақты тапсырмаларды немесе жағдайларды шешуге белсенді тартатын оқыту әдісі деп айтуға болады. Оқу процесінде ситуациялық-проблемалық тапсырмалар мен жағдайларды, яғни мәселелерді қолдану оқу белсенділігін ынталандыру және студенттердің сыни ойлауын дамыту үшін өте тиімді болып табылады. Білім алушыларды жаңа тақырыпқа немесе тұжырымдамаға енгізу үшін ситуациялық-проблемалық тапсырмаларды және әр түрлі есептерді қолдануға болады. Тақырыпқа байланысты нақты немесе шартты жағдайды ұсыну білім алушыларға оның тәжірибелік қолданылуын көруге көмектеседі және оларды жаңа ақпаратты үйренуге ынталандырады. Ситуациялық-проблемалық тапсырмалар білім алушыларға өз білімдері мен дағдыларын белгілі бір мәселелерге қолдануға мүмкіндік беретін тиімді оқыту құралы болып табылады. Ситуациялық-проблемалық тапсырма – бұл шешімді қажет ететін мәселе немесе сұрақ туындатады. Ситуациялық-проблемалық тапсырмалар көбінесе білім алушыларға өз білімдерін, дағдыларын және шығармашылығын қолдану арқылы мәселені шешуге шақырылатын күрделі тапсырмаларды ұсынады.



Keywords

Ситуациялық-Проблемалық Тапсырма, Әдістемелік Ресурс, Аналитикалық Ойлау, Білім Алушы, Оқыту Әдісі


Kaynakça