Abstract


ANALYSIS OF ORAL SPEECH FEATURES OF STYLISTICS

Мақалада стилистиканың ауызша сөйлеу ерекшеліктері сөз болады. Лингвистикалық стилистика грамматикалық тіл фактілерін, сөйлеу коммуникация процесіндегі тілді пайдаланудың заңдылықтарын зерттейтін көп аспектілі ғылым саласы ретінде қарастырылды. Бірнеше лингвистердің ауызша сөйлеуге қатысты тұжырымдары талқыланды. Сонымен қатар қазіргі қазақ жастарының ауызша тіл қолданыстарына анализ жасалды. Ауызша сөйлеу тілдік қарым-қатынас жасаудың түрі болғандықтан, дайындықсыз, тікелей қарым-қатынас жасау барысында іске асатыны оның басты ерекшелігі ретінде қарастырылды. Ауызекі сөйлеу қысқа құрылымда болады. Сөйлемдер күрделі немесе құрмалас сөйлемдерді көп қамтымайды. Диалогте сөзді қысқарту, сөзді қалдырып кету т.б. жиі кездеседі. Сондықтан ауызша сөйлеуде тіл біліміндегі тіл бірліктерін үнемдеу заңдылығы үлкен көрініс табады. Тілдегі экспрессивті, эмоционалдық құбылыстардың ауызша сөйлеуде жақсы байқалатыны, қазіргі тіл ғылымында ауызша сөйлеу стилін жаңаша сленгтердің толықтырып отыруы қарастырылды. Қазақ қоғамында орыс, ағылшын, түрік сөздерінің икемделіп, сленг түрінде қолданыс табу себебі түсіндірілді. Мұның өзі тіл ғылымында жазбаша нормаға қарағанда, ауызша сөйлеу стилін зерттеуде жаңа аспектіден зерделеуді қажет ететіндігі деген тұжырым жасалды.



Keywords

стилистика, ауызекі сөйлеу, эллиптикалық, сленг, эмоциялық, экспрессивті


Kaynakça