Іргелі білім ең алдымен қалай оқу керектігін үйретеді, бұл әрбір адам үшін маңызды екені сөзсіз. Мақалада математика мен физика пәндерін кіріктіру іргелі білімнің негізі болып табылатыны, ол білімді сақтап қалудың нақты жолын қамтамасыз ететін, болашақ маманға икемділігін дамытатыны және жаңа білітілікті алу мүмкіндігін беретіні туралы айтылған. Тіпті таза гуманитарлық сыныптар мен оқу орындары үшін де математика мен физиканың рөлі ерекше. Интеграция күрделі физикалық құбылыстарды визуализациялау, жасанды интеллектті қолдану және т.б. үшін мобильді қосымшаларды пайдалану мақсатында цифрлық технологияларды меңгеруді қамтиды. Білім беруде цифрлық технологияларды пайдаланудың мақсаты білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру, студенттерді табысты әлеуметтендіру болып табылады. Мақалада цифрлық құрылғылардың нақты пайдасы оларды білім беру стратегияларының әртүрлілігіне ықпал ете отырып, білім берудің қажетті элементіне айналдыратыны туралы айтылады. Қазақстан мен Финляндия білім беру жүйелері салыстырылып, негізгі қағідаларының бірі ретінде сапалы білім алу жолдары қарастырылады. Ақпарат ағынының көшкінінде экономикадағы өзгерістерді тоқтату мүмкін емес, сондықтан математика мен физиканың интеграциясы білім алушылардың жаңа ақпаратты толық меңгеруіне, онымен жұмыс істеуге, өздігінше ізденуге, жүйелеуге және талдауға үйретеді де заманауи маманға қажетті шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Іргелі Білім, Интеграциялау, Цифрлық Технология, Визуализациялау, Жасанды Интеллект