Abstract


Clothing: National Cognition and Modern Fashion Discourse

Мақалада сән дискурсының негізгі артефактілерінің бір киімнің ұлттық танымдағы ерекшеліктері қарастырылған. Антропоөзектік ғылыми парадигмада заманауи лингвистика жетекші орында, себебі тілдің кумулятивтік қызметі нәтижесінде ұлттық таным мен қазіргі кездегі түсінікті ұштастырып, түрлі институционалды дискурсты сипаттауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында жаһандану үдерістерінің бір көрінісі ретінде материалды мәдениеттің бір компоненті – түрлі киімдердің сән топтамалары екені көрсетілді. Олардағы киімдердің қолданылуы аумақтық тұрғыда әмбебаптық сипатта болғанымен, әр халық өзінің этникалық бірегейлігін сақтап қалу мақсатында ұлттық киім, әшекей бұйымдарын жандандыруды көздейтіні нақтыланып, қазақ және түрік халықтарының ұлттық танымындағы киімнің адам, қоғам өміріндегі орны, коммуникативтік, утилитарлық, эстетикалық, ақпараттық, прагматикалық қызметі фольклор туындылары мен көркем мәтіндер үзінділері арқылы талданды.



Keywords

Сән Дискурсы, Материалдық Мәдениет, Киім, Ұлттық Таным, Этникалық Стиль


Kaynakça