Қазақстан полиэтникалық және поликонфессионалдық мемлекет. Түркі әлемінің моделін бейнелейтін халқымыздың үштен бірін 25 түркі тілдерінде сөйлейтін түркі этностар құрайды. Қазақстанда ең саны көп диаспора түрік дисапорасы. Олар өздерін түрік ахыска, түрік хемшилли, түрік лаз, түрік терекеме деп атайды. Қазақстандағы түрік тілінің субэтникалық диалектілерінің ерекшеліктері зерттелмеген, жоғалып бара жатқан түрік тілі нұсқалары мәтіндерінің құжаттық қоры жасалмаған. Өздерінің отаны Грузияға оралуларына мүмкіндігі болмаған ахыска, хемшилли, лаз, терекеме түріктері көптеген елдерде шашыраңқы өмір сүріп жатыр. Субэтникалық топтардың тіл нұсқаларының мүлдем жоғалуы мүмкін немесе олардың ревитализациясын жасау үшін амалдарды қолға алу қажет. Оған қоса, Қазақстандағы түрік тілдері жазбаша болмағандықтан жағдайды күрделендіре түсуде. Осыған байланысты, түрік тілінің әртүрлі нұсқаларын зерттеу, құжатқа көшіру, ғылыми тұрғыдан жан-жақты сараптау және сипаттау қажет. Зерттеудің тағы бір маңызды міндеті – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елге оралған және қазіргі үкімет шекарасынан тыс қалған этникалық қазақтардың тарихын, мәдениетін және тілін зерттеу. Этникалық қазақтардың тілі мен мәдениеті Қазақстанда Кеңес өкіметі орнағанға дейін болған күйінде әлі күнге дейін сақталған. Халық жадында сақталған тілдің, дәстүрлі мәдениеттің, маңызды тарихи оқиғалардың барлық ерекшеліктері ұрпақ алмасуының салдарынан жойылып барады. Қытайдағы этникалық қазақтардың жаңа ұрпағы өздері тұратын елдің мәдениетіне сіңісіп, ана тілін жоғалтуда. Этникалық қазақтардың аға буынында сақталған тарихи мұра, тіл мен мәдениет зерттеушілер тарапынан жазылып, құжатталуы қажет.
Қазақстан, түркі әлемі, түркі тілдері, тілдерді құжаттау, репатриантар, Қытай Қазақтары.