Abstract


Folklore Precedent Names Common for Turkic Languages in Newspaper Language

Мақалада қазақ тілінде жарық көретін газет беттерінде кездесетін прецедентті есімдердің қолданысы қарастырылады. Прецедентті құбылыстардың символы саналатын прецедентті есімдер біздің зерттеуіміздің басты нысаны болып отыр. Соның ішінде түркі тілдеріне ортақ фольклорлық прецедентті есімдердің БАҚ-тағы көрінісін анықтау - біздің мақаламыздың басты мақсаты. Зерттеу мақаламыздың жаңалығы ретінде қазіргі қазақ тілді басылым беттеріндегі мақала тақырыпаттарында кездесетін түркі тілдеріне ортақ фольклорлық прецеденттік есімдер қаралды, жинастырылды. Және фольклорлық прецеденттік есімдердің дереккөздері көрсетіліп, сипаттамалары берілді. Қазақ тіл білімінде алғаш рет ұлттық символға айналып, ұлт бейнесін сипаттайтын фольклорлық прецедентті есімдердің бұқаралық ақпарат құралдарындағы көрінісі айқындалды. Ғалым В. Красныхтың сызбасы бойынша жинастырылған фолклорлық прецедентті есімдердің дифференциялық сипаттары ашылды. Мақалада көркем мәтінді лингвомәдени талдау, интерпретация, контекстік талдау, жинақтау, салыстыру әдістерінің ұстанымдары басшылыққа алынды. Мақаланың теориялық базасы ретінде В. Красных, Д.Б. Гудков, И.В. Захаренко, Т. Жанұзақов, І. Кеңесбаев сынды ғалымдардың еңбектері қаралды. Прецедентті феномендер арқылы ұлттық-мәдени ерекшеліктерді көрсету үшін, бұл құбылыстардың семантикалық мазмұнын ашу үшін сипаттамалық әдіс қолданылды.



Keywords

Прецедентті Феномен, Фольклорлық Прецедентті Есім, Фольклор, Газет Тілі, Түркі Мәдениетіне Ортақ Туынды


Kaynakça