Abstract


Formation Professional Competence Future Biologists: A Case Use Ict

Бүгінгі күні білм беру жүйесіне үлкен өзгерістер енгізіліп, жоғары оқу орындарында оқу нәтижесіне бағытталған білім беру мен білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру өзекті болып отыр. Болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде іске асырылады. Сондай-ақ, кәсбіи құзыреттілігін қалыптастыру тәсілдері де алуан түрлі.
Мақалада ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) көмегімен болашақ биологтардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылып отыр. Кәсіби құзыреттілікті өлшеу мәселесі оның қалыптасу критерийлері мен деңгейлеріне байланысты. Критерий – бұл бағалау, пайымдау жүргізілетін белгі. Кәсіби құзыреттіліктің өлшемдері жүйелі түсіну, оның құрылымдық және функционалдық компоненттерін бөліп көрсету, мұғалімнің жеке басының кәсіби және шығармашылық өзін-өзі жүзеге асырудағы педагогикалық құндылықтарды, технологияларды шығармашылық дамыту мен құрудың нәтижесі ретінде анықталады.
Моделде болашақ биологтардың кәсіби құзыреттілігінің қалыптасуының үш критерийі берілген: мотвациялық-құндылық, кәсіби-танымдық және кәсіби іс-әрекеттік. Бұл аталған критерийлер кәсіби құзыреттіліктің қалыптасуының базалық, репродуктивті және шығармашылық деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы болашақ биологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмысқа 98 студент қатысты. Жоғарыда аталған критерийлер бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (электронды оқу құралы мен ген деректер базасымен компьютерлік бағдарламамен жұмысты) пайдалану барысында кәсіби құзыреттілігі креативті деңгейде қалыптасқан білімгерлер саны 11,5%, ал репродуктивті деңгейде 19,0%-ға артты.
Алынған нәтиже ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану арқылы болашақ биологтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру гипотезасын растайды.



Keywords

Педагогикалық Технологиялар, Ақпараттық-Коммуникациялық Технология, Кәсіби Құзыреттілік, Құзыреттілік Критерийлері, Кісби Құзыреттілік Деңгейлері


Kaynakça