Мақалада әлемдік деңгейдегі музыкалық білім беру жүйелерінің негізгі бағыттары мен қабылдау, жүйелік тәсіл заңдарына негізделген «Final» музыкалық бағдарламасының мазмұндық сипаты, маңыздылығы мен цифрландыру мүмкіндіктері қарастырылады. Композиторлардың музыкалық ноталық жазбаларын білім беру үдерісіне шығармашылықпен ендірілген «Final» музыкалық бағдарламасы негізінде компьютермен теріп, ноталықстанда оны редакторлап, университетіміздің электрондық кітапхана қорын толықтырып, теріліп жинақталған туындыларды QR код арқылы құжаттандыру басты мәселе ретінде танылады. Баспалардың музыкалық бағдарламаларында жазып терудегі жазбалардың ноталық мәтіндерінің өзгеріске ұшырап, гармониялық тұрғыдағы қате музыкалық туындылардың көпшілікке ұсынылуы сияқты кедергі-кемшіліктер кездесетіндігі аталынып өтіледі. Болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін дамытуда бұл бағдарламалардың алатын орны ерекше және музыка мамандары ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, әлемдік музыкалық білім берудің озық тәжірибелерін ұтымды пайдаланып, музыкалық туындылардың қатесіз түпнұсқа бағытында әзірленіп, цифрландыру өте маңыздылығын қарастырады.
Музыкалық Бағдарлама, Цифрландыру, Финал Бағдарламасы